Сейсенбі, 7 ақпан 2012, Алматы 13:00

Хабарлар кестесі

Жергілікті уақыт белдеуі

Келесі бағдарлама
19:00 - 19:04

Жаңалықтар

Әлем және Қазақстан тынысы

07 ақпан 2012

07:00 - 07:30

07:30 - 07:45

2012 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда автокөліктерді техникалық бақылаудан жекеменшік компаниялар өткізе бастады? Мұның тиімділігі мен зиянды жағы қандай? "Уақыт бедері" айдарында осы тақырыпты талқылаймыз.

07:45 - 07:59

Жақында Алматыда қазақтың 20 ғасырдағы әйгілі ақыны Мағжан Жұмабаевтың "Табалдырық манифесті" жинағы жарық көрген болатын. Хабарымыздың бүгінгі қонақтары осы шығарманың бүгінгі ұрпаққа тағлымы мен танымы тұрғысында сөз қозғайды.

19:00 - 19:04

Жаңалықтар

Әлем және Қазақстан тынысы

19:04 - 19:30

Күнделікті бағдарлама

Тәуелсіз блогшыларды Жаңаөзенге жібермеді. Жаңаөзеннен келіп түскен соңғы жаңалықтар
 
Үкіметтік комиссияның Ақтауда «Қаражанбасмұнай» жұмысшыларымен кездесуінде сөйлеген ана - қамаудағы ұлының азапталып жатқанын айтты
 
21 жастағы Әсем Кенжебаева өзін желтоқсанның 16-сы Жаңаөзен қаласындағы қалалық ішкі істер басқармасы ғимаратының ең төменгі қабатында болған азаптауларды көзімен көрген тірі куәгермін деп санайды
 
Операциядан кейін алғаш рет журналистерге көрінген Нұржан Өркешбаев операция нәтижесіне көңілі толатынын айтты
 
Қарағандыда республиканың әр өңірінен келген сотталушылардың ата-аналары балаларының қысымға ұшырап жатқанына шағымданды

19:30 - 19:45

Қазақстан парламенті сенатының жалпы отырысында «Мәдениет туралы» заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын талқылау барысында 2012 жылдан бастап Қазақстанға прокатталатын барлық фильмдер міндетті түрде мемлекеттік тілге аударылатыны туралы айтылған. Алғашқы қазақ тіліне дубляждалған туынды ел кинотеатрларына 23 маусымда шығады.

Ресми ақпараты бойынша, қазіргі кезде қазақстандық кинопрокат саласында отандық фильмнің үлесі 3 пайыз ғана болса, америкалық 70 пайыз, ресейлік фильмнің үлесі 25 пайыз екен. Егер фильмдерді қазақ тіліне аудару шаруасымен мемлекет айналысса, онда бюджеттен қомақты қаржы бөлуге тура келеді дейді мамандар.
«Арман» кино орталығының атқарушы директоры Бауыржан Шөкенов сапалы дубляжды фильм тек дистрибьюторлар арқылы ғана жүзеге асуы тиіс деп санайды. Маман бір көшірменің өзіне қомақты ақша жұмсалады дейді: 
«Дәл қазір қазақстандық дистрибуция тек Ресей арқылы ғана өтеді. Ал қазақ тіліне біз аударуымыз қажет. Ресейде бұл шығын ақталады. Себебі оларда кинотеатрлар мен тұрғындар саны көп. Тура сондай соманы Қазақстанда жұмсау мүмкін емес, шығын ақталмайды. Бұл өте уақытылы көтерілген проблема. Алайда оның шешімін табу керек. Қоғам, мемлекет, мәдениет министрлігі барлығы қосылып, бар нәрсені қалай бұзып алмауға болатынын ойластыру қажет» дейді «Арман» киноорталығының атқарушы директоры Бауыржан Шөкенов.
«Жастар мен жасөспірімдерге арналған репертуар, егер мемлекет қажет деп тапса, осыларға қаражат бөлсін. Отбасылық киноларға баратын көрермендер саны өте көп. Ал ең бастысы – Алматы, Талдықорған, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан облыстарында көптеп кинотеатрлар ашу керек. Себебі дәл осы өңірлерде ең көп қазақ тілді тұрғындар өмір сүреді. Ал бізде қазір не бар? Жамбылда екі кинотеатр, Шымкентте бес зал, Қызылордада екі зал», - дейді маман
Елдегі бірқатар компаниялар мен қауымдастықтар бірігіп Дисней студиясының Көліктер 2 мультфильмін қазақ тіліне тәржіма жасап көрермендерге 23 маусымнан бастап ұсынбақшы. осы халықаралық жобаға АҚШ, Ұлыбритания, Ресей мен Қазақстанның кәсіби мамандары белсене қатысты дейді ұйымдастырушылар.
Бауыржан Шөкенов осы туындыны тәржімалауға 100 мың АҚШ доллары жұмсалды дейді

19:45 - 20:00

Жақын арада Алматы қаласында Мұхтар Әуезов шығармаларының 50 томдық академиялық басылымының тұсауы кесілді. Академиялық басылымға жазушының 1917–1961 жылдар аралығында жазылған мақалалары, әңгімелері, пьесалары, аудармалары, баяндамалары мен пікір-хаттары енген.
Мамандардың айтуынша, бұл Орта Азияда жарық көрген алғашқы елу томдық болып отыр.
Бұл басылымның жарық көруі жазушының 100 жылдық мерейтойы қарсаңында қолға алынған. Алғашқы томы 1997 жылы жарық көрсе, енді міне толық елу томдығы екі мың данамен басылып шықты.
Мұхтар Әуезовтың баласы Мұрат Әуезов бұл елу томдықтың жарық көруін - үлкен оқиға ретінде бағалайды. 
Мұхтар Әуезов атындағы мұражайдың ғылыми қызметкері Аманжан Бұлсымбаева жазушыны қазір жаңаша қырынан қарастырып жатырмыз дейді. Ол жазушы көптеген ғалымдармен, ақын жазушылармен хат алмасып тұрған, солардың басым бөлігі 50 томдыққа енгенін айтады.
Классик жазушының шығармашылығын толық қамтитын бұл жинақты жарыққа шығару үшін ғалымдар 14 жыл ізденіпті. Әуезов атындағы әдебиет институтының ғылыми қызметкері Келіс Рахымжанов 50 томдыққа жазушының аудармалық еңбектері кірді дейді. Ол 50 томдыққа сыймай қалған шығармалар да аз емес деп отыр.
07 ақпан 2012

Күнтізбе

Назарға көп іліккен