Бейсенбі, 9 ақпан 2012, Алматы 15:23

ҚАЗАҚСТАН

Азамат Кәрімбаев түрмеде отырса да биліктің мазасы кетіп еді, дейді марқұмның жесірі Айман

Азаттық радиосына арнайы сұқбат берген Айман Кәрімбаева жұмбақ жағдайда қаза тапқан күйеуінің ел ішіндегі көптеген заңсыздықтарды, адамды кемсітуге, құқының сақталмауына қатысты сыни пікірлерін ашық айтқаны үшін биліктің қаһарына іліккенін әңгімелеп берді.

Мәтін көлемі - +
2009 жылдың қыркүйегінде Ақтөбе облысының елдімекендерінде тұратын алты адам «террорлық акциялар ұйымдастырмақ болған-мыс» деген айып бойынша сотқа тартылды.

Сот Шұбаршы ауылының тұрғыны Азамат Кәрімбаевты «террорлық топтың жетекшісі» деп тауып, 17 жылға бас бостандығынан айырды. Арада бірнеше ай өткеннен кейін өткен жылдың 23 желтоқсанында Азамат Арқалық түрмесінде жұмбақ жағдайда қаза болды.

Жергілікті баспасөзде Азамат Кәрімбаев пен оның серіктеріне «уахабшылдар» деген айдар тағылған. Оған - Азамат Кәрімбаевтың ресми тіркелген мешіттерден өздерін бөлек ұстайтын азғантай ғана мұсылман қауымының өкілі болғандығы себеп болған.

Осы және де өзге жайттарға қатысты Азамат Кәрімбаевтың жесірі Айман Кәрімбаева Азаттық радиосына арнайы сұхбат берді.

МЕШІТ ХИКАЯСЫ

– Азамат дінге 2000 жылы келді. Оның алдында ұзақ уақыт бойы дайындалып, діни әдебиеттер оқумен щұғылданды. Ол кезде күйеуім «Ақтөбемұнайсервис» компаниясында дәнекерлеуші болып жұмыс істейтін. Өздеріңіз білесіздер, дәл сол уақытта дін көпшілікке кеңінен тарала бастады, – деп бастады әңгімесін Айман Кәрімбаева.

– Біздің ауылымызда мешіт жоқ еді. Азамат жұмыстан шығып қалғаннан кейін, ауылымызда дінге бет бұрған бірнеше адамның басын біріктіріп мешіт салмақ болды. Ол өзі бір кездері құрылыспен айналысып, басқа істерге де шебер болғандықтан негізгі жұмыстарды өзі
Түрмеде қаза болған мұсылман Азамат Кәрімбаевтың әйелі Айман Кәрімбаева. 5 қаңтар 2010 жыл.
атқарып, қалғандарын көмекші ретінде қасына ертіп жүрді.

Сөйтіп, 2003 жылы мешіттің жобасы жасалынып, өз күштерімен, өз қаражаттарымен, қолда бар ең арзан материалдардың бірі - саманнан Алланың үйін тұрғызбақ болды. Мешітке арналған жердің құжаттарын да жасатып алды.

Азаматтың мешіт салуды жоспарлап жатқандығы туралы сыбыс көрші ауылдарға тез тарап үлгерді. Бұл игі бастамаға айтары мен қосары бар азаматтардың үйімізге жиналып бірнеше күн ақылдасқандары да есімде.

Біздің ауылда Өтегенов Макар деген адам бар еді, сол кезде ол Жаңа жол зауытының бастығы болды, қазіргінің байы. Оның әкесі өлерінің алдында баласына «менің атыма арнап мешіт сал» деп аманат айтып кеткен екен.

Содан кейін әлі есімде Мұрат деген кісі біздің үйге келіп, Макардың сәлемдемесін жеткізді.

– Мешіт құрылысын бастап жатыр екенсің, қандай құрылыс материалдары керек, айт, барлығын Макар өз мойнына алады, тек мешітке әкесінің атын берсең болғаны», – деді.

– Мешітті тек қана Аллаға құлшылық қылған, ақыретке сенген мұсылмандар ғана салу керек, атақ-дәреже үшін мешіт салуға болмайды, – деп жауап берді Азамат.

Көп ұзамай біздің ауылымыздың екінші жағынан Макардың бастауымен екінші мешіттің құрылысы басталды. Оған соңғы үлгідегі техника мен ең мықты деген құрылыс материалдары пайдаланылды. Саманды басып, күні түні балшықпен былғанғысы келмегендер сол мешітті салысуға кетті.

Осылайша тұрғындардың арасында түсініспеушілік туындай бастады. Сөйтіп, 1 жылдың ішінде ауылымызда екі мешіт пайда болды. Бірі – Азамат бастаған топтың саманнан салған қарапайым мешіті, оған мұсылмандар бірігіп – «Мұсылман бауырлар бірлестігі» деген ат қойды. Ал екіншісі – қазіргі заманғы құрылыс-жөндеу әдісімен салынған, көздің жауын алатын Макар Өтегеновтың әкесінің аты берілген «Меңдіғали мешіті».

ОЛ БИЛІККЕ СЫНИ КӨЗҚАРАС ТАНЫТТЫ

Азамат ресми тіркелген мешіттерден өздерін бөлек ұстайтын шағын мұсылман қауымының өкілі болған деседі, бұл туралы не айтасыз?

– Жоқ, ол өзін ешкімнен бөлек ұстаған емес, керісінше көпшілікпен бірге, жұрттың көз алдында жүргенді қалайтын. Бізде ресми тіркелген дейтін де мешіт болған емес, айтып отырмын ғой «Меңдіғали мешіті» мен Азаматтардың салған мешіті болды, қазір де бар.

Азамат пен оның жанында жүрген бірқатар мұсылман бауырлар Құранмен, пайғамбарымыздың сүннетімен жүргендіктен, мешіттің салыну ниетіне байланысты ол мешітке аса көп бара бермейтіні рас еді. «Алланың үйін адамның атымен атауға болмайды» деген көзқарасын бірнеше рет айтқан болатын.

Ол тек қана Құранмен амал істеді. Ол интернеттен Исламның заңдары мен дінге қайшы заттарды жазып алып, дос-жарандарына таратты, қыз балалардың жабық жүруін ескертумен болды, намаз оқып Аллаға құлшылық ет деумен болды.

Марқұм Азамат Кәрімбаев. Фотосурет марқұмды соңғы сапарға шығарып салу кезінде үйінде түсірілді. Шұбаршы поселкісі, 27 желтоқсан 2009 жыл.
Біз көпшілігіміз өзімізді «мұсылманбыз» дейміз, бірақ Алланың емес, биліктің заңын жоғары қоямыз. Азамат бүгінгі биліктің көптеген заңсыздықтарына; адамды кемсітуге, құқының сақталмауына қатысты өзінің сыни пікірлерін ашықтан-ашық айтып жүрді. Осы көзқарасы үшін Азамат құқық органдарының көзіне түсті. Іле-шала ол «террорист», «уахабшы» деген сыбыстар шыға бастады.

Бір кездері Азамат Қытайдың мұнай компаниясында жұмыс істеді емес пе?

– Иә, бірақ 2004 жылы ол өз еркімен ол жұмыстан кетіп қалды. Басты себеп – қытай мен қазақ жұмыскерлерінің құқыларының тең болмауы еді. Біз мұнайлы өлкеде тұрамыз, алайда жағдайымыз тым мүшкіл. Тұрғындардың тұрмысы, ауылымыздың жолдары, суы мен жарығы айтуға келмейтіндей нашар жағдайда. Соның барлығына қарсылық ретінде Азамат ол жұмыстан шығып кетті. Содан бастап ол жұмыс істеген жоқ. Ауыл ішінде біреудің жылуын тартып береді, біреудің газ құбырын жөндеп беріп нәпақа тауып жүрді.

Жүрген жерінде дін туралы айтып, жақсылыққа шақырып жамандықтан тиюға тырысты. Сол кезден бастап-ақ құқық қорғау органдары оны қудалай бастады.

«АЗАМАТ АЛЛАДАН БАСҚА ЕШКІМНЕН ҚОРЫҚПАЙТЫН»

Азаматты ең алғаш қашан ұстап алып кетті ?

– Өткен жылдың 13 наурызында біз үйге келсек, бір топ құқық органдарының қызметкерлері бізді күтіп тұр екен. Оның алдында кәмелет жасқа толмаған екі қызымыздың көзінше тінту жүргізіп үлгеріпті. Екі күннен кейін, наурыздың 15 күні мені Ақтөбе қалалық ішкі істер департаментіне шақыртты.

Мен 16 жастағы ұлым – Есетпен бірге бардым. Бізді 7 сағат бойы сұрақтың астына алды. Маған күйеуімнің маған «күштеп» орамал таққызғандығы жайлы, қыздарым мен балама «қинап» намаз оқытқандығы туралы айтып, Азаматқа қарсы куәлік етуді талап етті.
Кәмелет жасына толмаған балаларымызды намазға жығылтқанымыз үшін ата-ана құқынан айыруға болатындығын айтты.

Сондағы олардың айтатыны «күйеуің екеуің жұмыс істемейсіңдер, үш баланы асырауға қайдан ақша аласыңдар? Мүмкін біреулер қаржыландыратын шығар?» деген күмәнді сұрақтар. Біз Азамат екеуіміз ресми түрде жұмыс істеген жоқпыз, рас. Бірақ мен нан пісіріп, дүкен мен базарға алып барып сатып жүрдім. Азамат ауыл ішінде құбырлар жөндеп азды-көпті ақша тауып жүрді, малымыз бар дегендей. Бірақ оған құлақ асқан ешкім болған жоқ.

– Сенің күйеуің біздің үкіметке – проблема, тіпті түрмеде отырғанның өзінде де артынан жамағат жинап дін жайлы уағыз айтады, сондықтан ол біз үшін проблема, – деді.

Содан не керек, Азамат 8-9 ай қамауда болды. Кейіннен сот оны 17 жылға бас бостандығынан айырып оның алғашқы 5 жылын жабық, ал қалған 12 жылын қатаң режимдегі түрмеде отыруға шешім шығарды.

Мен онымен 5 рет кездестім. Бесеуінде де ол маған сабыр сақтауға, діннен бас тартпауға шақырумен болды. Бір кездескенімде ол маған түрмеде полицейлер тарапынан қысым болғандығын айтты. «Сен неге қазіргі саяси жүйені мойындамайсың, президентімізді – ханымыз деп неге қабылдамайсың» дегендей сөздер айтылған екен. Алайда, Азамат Алладан басқа ешкімнен қаймыққан емес.

Сіз күйеуіңізбен соңғы рет қашан хабарластыңыз?

– Ол маған мүмкіндігінше жиі хабарласып тұрды, себебі, мен балалармен жалғыз қиналып жүргендігімді білді. Соңғы рет желтоқсанның 19 күні Астанадағы түрмеден телефон соқты. Желтоқсанның 20 күні өзін Арқалықтағы түрмеге алып кететінін айтты.

Қатты тілінген және шаншылған жараның іздері бар Азамат Кәрімбаевтың сол қолы. Шұбаршы поселкісі, 27 желтоқсан 2009 жыл
21 желтоқсанда таңертеңгі сағат 8-де Арқалықтағы 161/12 түрмесіне алып барған. Ол жерде оны өмір бойына бас бостандығынан айырылғандар отыратын, жалғыз адамдық камераға отырғызған. Кейіннен сол камерадан оның мәйітін алып шыққан.

Артынан белгілі болғандай, ол камералар ҰҚК бақылауында болады екен, онда бақылау камералары орнатылған екен, соған қарамастан Азамат «өзін-өзі өлтірген» дейді.

Олардың сөзіне қарағанда, Азаматтың денесінің жанынан өлер алдындағы хат табылған. Бірақ оның інілері мәйітті алу үшін Арқалыққа барғанда ол хатты, ең болмағанда, оның көшірмесін де көрсетпеген. Тіпті мәйітті де ашып көрсетуге рұқсат бермеген, тек оралған мәйіттің шетінен қолын шығарып күре тамырының кесілген жерін көрсеткен. Кейіннен үйге алып келгеннен кейін ғана біз Азаматтың денесі түрлі жарақаттарға толы екендігін көрдік. Бірақ әлі күнге дейін жарақаттардың қалай пайда болғандығы белгісіз.

«ОЛ САЯСАТПЕН АЙНАЛЫСҚАН ЕМЕС»

– Сіз біздің радиомызға Азаматтың жұмбақ өлімін алғаш естіген кезде «барлығын бір Аллаға тапсырдым» деген едіңіз. Сол пікіріңіз әлі де өзгермеді ме?

– Мен Аллаға сенетін мұсылман болғандықтан, әрине, бұл қайғылы оқиғаның себепшілерін жазалауды бір Аллаға тапсырамын. Дегенмен мен де құр қол отырғым келмейді.

Азаматтың өлімі мен өмірі туралы қоғам хабардар болсын, адам құқынқорғаушылар білсін, Қазақстанның бас муфтиі Әбсаттар қажы Дербісәлі естісін деген ниетпен бірқатар хаттар мен үндеулер жаздым.

Бүгінде қазақстандықтардың басым көпшілігі мұсылман екендігіне қарамастан елде оларға деген теріс көзқарас қалыптасуда. Мұсылмандарды – «террорист», «уахабшыл» дейді. Ал кез-келген сөздіктен қарасаңыз, «террор» дегеніміз – «саяси қарсыластарды қорқыту, жою» деген мағынаны білдіреді. Яғни саяси жеке мүдде үшін жасайтын іс-әрекет.

Күйеуім ешқандай партияға мүше болған емес, саясатпен шаруасы жоқ болатын. Соған қарамастан оны «террорист» деп тапты. Бүгінде билікке өзіне ұнамайтын азаматтардың көзін жою үшін «терроризм» деген жақсы сылтау табылды.

Мен де мүмкін қанша тырысқаныммен Арқалық түрмесінде желтоқсанның сол бір түнінде не болғандығын білмей кетермін, дегенмен ерте ме, кеш пе оның шындығы ашылып, керекті адамдар өз жазасын алады. Мен оған кәміл сенемін!

– Сұқбат бергеніңізге рақмет, Айман ханым.
Бұл форум жабық. Бірақ, Азаттықтың Facebook-тағы парақшасында жалғастыра аласыз: www.facebook.com/azattyq
Пікірлерді іріктеу
Пікір
     
Кімнен: Мамыр Қайдан: Алматы
20.01.2010 14:00
+0 / -0
Марқұмның жатқан жері торқа болсын! Менің Азаттық радиосына айтарым, адам мәйітінің суреттерін көпшілікке жариялаудың не қажеті бар? Жарайды, туыстары рұқсат берген шығар. Бірақ мақаланы қаншама адам оқиды, әркім әр түрлі қабылдайды. Меніңше, бұл дұрыс емес.
Пікір алмасу

Кімнен: Бауыржан
20.01.2010 14:55
+0 / -0
Ей, Мамыр неге олай дейсіз,бұл суреттерді бүгін көрсетпегенде енді қашан көрсетпек ,ақырзаман туғанда ма?
Адам қолымен жасалған жауыздықтың осындай болатынын халық өз көзімен көрмесе,кім сенеді. Ал маған сурет қатты әсер етті,егерде бұл сурет басылып шықпаса онда осы бір сұмдық оқиғаға мүмкін мән бермес те едім.Әркім әртурлі қабылдаса онда ол адамның өз еркі,егерде нервіңіз тозған адам болсаңыз несіне қарайсыз,пожалуйста орыстар айтпақшы қарамаңыз, сізді кім зорлапты.
Азаттық радиосынікі дұрыс ,көрсін бұл қауым қандай елде өмір сүріп жатқандарын,мүмкін санасы оянып тірілер, мал боп жүре бермей
марқұмның рухы енді алаңдамаса да болады,ол кісінің орны ешбір күмәнсіз жаннатта деп сенем

Кімнен: abu ibrahim Қайдан: Saudi Arabia
20.01.2010 14:08
+0 / -0
Allahtan baska eshbir Tanir jok, Muhammad Onyn Elshisi. Azamat bauyrymyzga Allah Jannatty nasip etsin. Artynda kalgan otbasyna bereke, rizyk bersin. "Sondai iman keltirgender Allah jolynda sogysady, kapirler shaitan jolynda sogysady, endeshe shaitannyn dostarymen sogysyndar. Negizinde shaitannyn adisi nashar". An-Nisa 76 aiat. Allah jauyzdardyn sazaiyn mindetti turde beredi. Jeneshe mykty bolynyz. Allahtan jardem tileniz. Esh Moymanyz. Allahtyn syi ote jakyn

Кімнен: Сарапшы Қайдан: Астана
20.01.2010 19:08
+0 / -0
Сұхбат өте көп жәйттан хабар береді. "Таза дін" ұстанатын "қауымның" әу бастан-ақ қоғаммен қалай конфликтіге келгені байқалып тұр. Өздерін "тек қана Құранмен, суннамен жүреміз" деп жариялағанда, өзгелерді "Құраннан тыс, сүннет сақтамайды" деп жазғыру табы анық көрінеді. "Мешітті тек қана Аллаға құлшылық қылған, ақыретке сенген мұсылмандар ғана салу керек, атақ-дәреже үшін мешіт салуға болмайды" деп, марқұм мешіт салуға көмектеспек болған Макардың жәрдемінен де бас тартады. Шындығында мешітке адамның есімі атақ-дәреже үшін, мақтан үшін емес, сол мешітте ғибадат қылушылардың дұғасына қосылсын, сауабы тисін деген мақсатта беріледі. Кісі атындағы мешіттер мұсылман елдерінің бәрінде де бар.
"Біз көпшілігіміз өзімізді «мұсылманбыз» дейміз, бірақ Алланың емес, биліктің заңын жоғары қоямыз" дейді бір сөзінде сұхбат беруші. Міне, мемлекет пен дін жолын бір-біріне қарсы қоюдың анық көрінісі. Мұндай қауымның ерте ме, кеш пе, қолына қару алып, мемлекеттік құрылымдарға қарсы соғысқа шығатыны, ақыр соңында түрмеге түсетіні аксиома болатын.
«Азамат Алладан басқа ешкімнен қорықпайтын» деп мәлімдейді оның жесірі. Мұның астарында "нағыз мұсылман осындай болуы тиіс" деген емеурін жатыр. Сонда "нағыз мұсылман" атану үшін шынында да мемлекетті, оның заңдарын, президентті мойындамау керек пе? Мойындаңыз, өте қауіпті тұжырым!
Жалпы осындай жарияланымдардың нәтижесі мақала соңындағы форумнан көрінеді. Оқып қараңыз, сақтаныңыз...

Кімнен: АбуАбдуллах Қайдан: Актобе
20.01.2010 21:39
+0 / -0
Ассалямуаалейкум мусылмандар жане Айман апа! Жаратушы ием Аллахтын азабы жане кахары болсын тагуттарга! Аллахтын ми!р!ми жане ракымы болсын Азамат агама! АМИН!

Кімнен: Атыраудан
20.01.2010 22:01
+0 / -0
Уағалайкумассалам Абу Абдуллаһ! Иә,тағуттарға Аллаһтың қаһары мен азабы болсын! Аллаһымыз Азамат бауырымызға Фирдаус жаннатын нәсіп етсін!
Сарапшы,сіз иман келтіріп,амал жасап жүрген мұсылмансыз ба,әлде ..............?

Кімнен: Abdallah Қайдан: Atyrau
20.01.2010 23:32
+0 / -0
Sarapshy myrza ozin kimsin Astanalyktyn bari biliktin sozin soileitin jagympazdar ma alde ozin sol biliktin kol shokparymysyn kartandy ashyp oiyndy ashyk bildir ol zandardy ozin oilap shygaryp kunde ozgertip jane ol zandardy NAN ozi bas bolyp buzsa ol zannan na kadir ne kasiet

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
21.01.2010 01:13
+0 / -0
АбуХаким бауыр мен сизди Аллах разылыгы ушин жаксы корем!

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген Қайдан: Актобе
21.01.2010 01:57
+0 / -0
АбдуХаким бауырга Аллах джаннаттын фирдаусын насип етсин иншАллах! Амин!

Кімнен: Сарапшы
22.01.2010 14:24
+0 / -0
Кімнен: Адам Қайдан: Қазақия
28.09.2009 14:53
Түсінсем, бұйырмасын. Сонда,қалай? Уаххабшыларды ұстағандар, айыптаушылар, соттаушылар етпен-теріден жаралмаған ба, шәйтан ба, бала-шағасы, іні-бауырлары жоқ па, әлде құдайдан үміттері жоқ па, оларды мұсылман қазақ тәрбиелемеген бе? Мүмкін емес қой, қанша халыққа қызмет етіп жүрген азаматтардың адал халқына ұйымдасып, қиянат жасайтындай, соншалықты тасбауыр болуы. Әлде,Астана, Алматы, Ақтөбе секілді А-дан келетін қалалардың қызметшілерінің бәрі ауышып кетті ме?
Мына жігіттерді неменеге қорғап, ет бауырларың елжіреп қалды... Орыс келсе, қыздарына Светлана деп, ұлдарына Александр деп ат қойып, уаххабшылар келсе, олардың артынан еріп кете баретін, Қанағат ЖҮКЕШ айтпақшы, осы уақытқа дейін саяси сауаты ашылмаған, құқықтық мәдениеті төмен, азаматтық білімі аз (Қазақстан халқының білімділігі жағынан дүние жүзінде бірінші орында дейді ғой), өз құқықтары мен мүдделерін қорғауды білмейтін, ұрса - қашатын, қырса - қырылатын, бұйығы, рухани әлжуаз күйде қалған ол қандай ауылдың адамдары? Орыс қожайыны кеткесін, мүмкін, енді араб халифатын аңсап жүрген шығар.
ҚАЙТКЕНДЕ ДЕ ҚҰЛ ҚОЖАЙЫНСЫЗ ӨМІР СҮРЕ АЛМАЙДЫ ҒОЙ.
ЕЙ! ҚАЗАҚТАР ЕШТЕҢЕДЕН ДЕ ҚОРЫҚПАҢДАР! АШТАН ӨЛМЕЙСІҢДЕР. ЕСТЕРІҢДІ ЖИНАП, ЖАН-ЖАҚТАРЫҢА ҚАРАП, ӨЗДЕРІҢНІҢ ІСТЕРІҢЕ, ҚЫЛЫҚТАРЫҢА ӨЗДЕРІҢ ЕСЕП БЕРЕТІН КЕЗ КЕЛДІ.
Дұрыс адамға шайтанның да тісі батпайды.

Кімнен: сектант
30.09.2009 19:36
Қандыағаштағы алтаудың ісінде көрінбеген бір милиция қызметкері бар. Оның аты Руслан. Әлгілерге Қандыағаш полициясы мекемесінен қару жарақ пен бронежилеттерді шығарып беріп, бұларды ауылдың шетінде оқ атуға жаттықтырып жүрген. Осы істе сол полицейдің көлеңкесі көрінбей тұр. Қаныдағаштағы осы топ ұсталған соң әлгі Русланды асығыс түрде өз еркімен полициядан кетуге арыз жаздырған. Сот процессінде осы жағдай сырт қалды.Егерде шынына келсек, Ақтөбе облысының Темір мен Мұғалжар және Шалқар аудандарында уахабшылар мен тарихатшылар гүрлеп тұр. Тіпті Ембінің мешітін олардың жайлап алғаны шындық.

Кімнен: Жуасқазақ Қайдан: "Тәуелсіз" Қазақстан
30.09.2009 19:52
«Баке» өлтіріп айтты. «Адамнан» да еш нәрсе ауыспады. Бауырлар, жалпы пікірлеріңе жүз пайыз қосыламын. Солай болған күннің өзінде, мақсаттары белгісіз болып қалды ғой. Не үшін, кімнің мүддесі үшін жармақ болды екен кен орындарын? Кімге деген наразылық? Әлде олар мұсылман болып, біз кәпір болып соған арналған Жиһад па екен бұл? Олай болса үлкен ақымақтық әрине. Обалы да жоқ.

Кімнен: Мен Қайдан: Сары арқа
22.01.2010 14:52
+0 / -0
Жалақор орган қызметкерлері әсіресе тұрақты жұмысы жоқ мұсылмандарға өш келеді! Бұл өмірден алынған тәжірибе...
Сақ болыңыздар!

Назарға көп іліккен