Сейсенбі, 7 ақпан 2012, Алматы 13:15

Форум

Астанаға сапарым қалай болды және ол менің қалтамды қаншалықты қақты

x
Мәтін көлемі - +
Бұл күндері кең байтақ Қазақстан қоғамы Астананың кезекті туған күнін тойлаудың қарбаласымен жүр. Біреулер тойға барғысы келсе, енді біреулер күрмеуі көп тіршіліктің бітпейтін шаруаларымен қайта-қайта Астанаға ат сабылтады.

Осындай бір сапардың өзіне қаншалықты қаржы керек? Астанада жататын орын, тамақтану, немесе шенеуніктің есігін сарыла күзету санаңыз бен қалтаңызға қанша салмақ түсірді, тәжірибеңізбен бөлісіңіз...
Бұл форум жабық. Бірақ, Азаттықтың Facebook-тағы парақшасында жалғастыра аласыз: www.facebook.com/azattyq
Пікірлерді іріктеу
Пікір
     
Кімнен: Мақсат
02.07.2009 16:41
+0 / -0
жай қыдырып барсаң - 50-60 мың да жетіп қалады. Ал үкімет үйіне баратын болсаң бір шамадан доллар керек, ал шамадан неғұрлым үлкен болғаны жөн...

Кімнен: жанар Қайдан: жайлаудан
02.07.2009 17:14
+0 / -0
Осы күні Астанаға барғысы келген жұрт поезға билет таба алмай сандалып жүр ғой. Қиын уақытта тойлары да бір бітпейдң екен. астанаға бару үшін кемінде мың доллар керек қой, ал ондай ақша қайдан болсын қазақта...

Кімнен: AL-ASTER Қайдан: Astana qalasy
02.07.2009 20:55
+0 / -0
Ия, Астана күні бұрынғыдай емес, бертін келе қатты дүркіреп тойланатын болды. Бірімізге жақсы болса, енді бірімізге өз зиянын тигізіп кетері сөзсіз, дегенмен де, Қазақ Ордасының туған күні аталуы барлығын елең еткізуде. Мен осы қалада ес білгелі тұрып келемін, яғни көп жылдан бері тұрып жатырмыз. Алайда, бұнда қонақты күтіп алу мәселесі оңтайлы қарастырылмаған-ау деймін, жатар орын аз әрі қымбат сияқты меніңше. Бұған әрине өзіміз кінәліміз, сол қонақ үй иелері ұлтжан, нәпақаларына адал болғысы келсе, бағаны халық жағдайына сай ұстаса болмас па екен? Әрине, оларға ақша керек, қонаққа жатар орын керек немесе әр саудагер сол күндері жақсы табысқа ие болу керек дегендей. Жақсы, не десек те, болар іс болады және күтудеміз тойды. Құрметті қонақтарға жақсы демалып қайтуларыңызды тілеймін!

Кімнен: tilew Қайдан: qytai
03.07.2009 11:04
+0 / -0
jarialanwyn qoldaimyn.

Кімнен: Janasil Қайдан: Astana
03.07.2009 11:08
+0 / -0
Ya Astana ademi kala. Sondiktan kimbat kala. Nege kimbat dep konak uylerdi kinalauga bolmaydi. olarda aksha tabu ushin enbek etip jur. Kalamiz endi osip kele jatkan son, konak zhaylar azdau,sondiktan kimbat.uakit ote kele konak uyker de kobeyer,sonda arzandaydi. Kazirdin ozinde 2,5-3 minga bir tunge jatatin jer tabuga boladi. Arine Rixos tan emes.

Кімнен: Сыр қазағы Қайдан: Қызылорда
04.07.2009 11:04
+0 / -0
Астананы дарақылықтың ордасы деп білемін.Көпшіліктің жадында астана ретінде тек Алматы қалады.

Кімнен: Syr qazagina Қайдан: Qazaqistan
04.07.2009 18:24
+0 / -0
Osylai dep otyrgan ozin daraqysyn! Unamasa ...tindi qysyp omirindi sur. Nadan, qarangi neme.

Кімнен: Қазақстанға Қайдан: Сыр қазағынан
05.07.2009 10:54
+0 / -0
Шындық шымбайыңызға батып кетті-ау деймін. Астананың бір өзіне жұмсалған ел байлығын Қазақстанның кез келген қаласына берсе, ол Астанадан өте құлпырып шыға келер еді. Ел енді есін жиып келе жатқанда жаңа астана салу дарақылық екендігін Сіз де, Елбасы да біледі. Бұл қаланы салуда қанша қазақ жастары құрбан болды. Ол жөнінде ештеңе айтылмайды. Қаладағы ешкімге қажеті жоқ түрлі басқосулар, мұзқалалар және т.б. туралы не айтасыз. Өйткені Сіз Астананың тұрғынысыз, сондықтан үндемейсіз.

Кімнен: Мақсат Қайдан: Ақтау
06.07.2009 21:37
+0 / -0
Астананың тойына ресейдің әншілерін шақырып,ақшаны далаға ұшырып жатыр.Өзіміздің туған,қанымыз бір Қазақтар,ішетін су таба алмай жүр,көлшіктердегі тұрып калған сары су ішіп жатыр.

Кімнен: Болат Қайдан: Тараз
08.07.2009 08:21
+0 / -0
Меніңше Астананың пайда болғаны дұрыс. Бұрысы енді басталып келеді.

Кімнен: Сәндібек Қайдан: құлсары
10.07.2009 05:32
+0 / -0
Тойдың да өз жарқылы мен тарқылы болады деген.Той десе жамаулы ерінің етегін түріп, арғымағы жоқтар өгізіне ер салатыны сияқты ескі әдетімізге бастық-ау деймін.Жасырғанымыз жария болып, артымыз ашылып қалып жатырса да тойғандар тойлап жатты.Сырттағылардың "жыртыл қазақ, жыртыл"деп мысқылдап отырғанында шаруамыз шамалы. Бәрімізде мынау менің елім,жерім, Астанам дегіміз келеді, бірақ бір жатырқаушылық сезіледі де тұрады.Дүрмекті шоудың астан-кестеніне аузымызды ашып,бергіштердің дарақылығына, жағыну жарысының жеңімпаздарының алғыштығына қарап отырып, О.Бальзактың "бүгінгінің ойлы адамдары қайсы?, барлығы да сәнді киім ілінген ілгіштер ғой"деген сөз еске түседі.

Кімнен: Нұрлыбек Қайдан: Астана
11.07.2009 00:15
+0 / -0
Астанадағы қала қазағы да қыр қазағы секілді. Жалпы, қарапайым жұртшылық үшін қымбат қала. Сондықтан да болар, "той, той болмады, бала-шаға жеп кетті" демекші, қаланың бұрыш-бұрышында кілең бір әнші-бишімен болмағыр дүниелер ұйымдастырылып жатты. Оның айналасын темір тормен қоршап, халықты тесігінен сығалатып қойғаны өте ұят болды. Қалың бұқараның көңілі үшін, концерттерін тегін қойса, халық аз да болса да жиналар ма еді... Бәлкім, сонда Астана биліктің ғана емес, халықтың тойы ретінде сипат лаар ма еді?!. Әй, қайдам бірақ?!.

Кімнен: Mumin
16.07.2009 13:36
+0 / -0
oibai-au, kanshama xalyknang, suga aksha tappai kinalyp jatyr elimizde. Sondada toilaudy koimaimyz. O, Allah, kashan sanaly kogam bolar ekenbiz?

Кімнен: мен Қайдан: Астана
21.07.2009 15:03
+0 / -0
кала кунінде букіл концерт атаулыны акылы етіп, быт-шытын шыгарды, Нұрлыбек айтпакшы ар-жерден сыгалып, сандалып кайттык.Тв-дан коріп уйде отырган жон екен дедік

Назарға көп іліккен