Сейсенбі, 7 ақпан 2012, Алматы 13:10

Форум

«Өкіл қайын ата» кітабына тыйым цензура ма?

x
Мәтін көлемі - +
Тәуелсіз журналистер 22 мамыр күні Қазақстанның Бас прокуратурасымен келіспейтіндіктерін білдіріп, Рахат Әлиевтің тыйым салынған кітабын оқудан бас тартпаймыз деп мәлімдеді. Олар «Оқып болсаң - басқаға бер» деген акция өткізуде.

Жақында батыстық баспадан жарық көрген Рахат Әлиевтің «Өкіл қайын ата» кітабын оқыған адам және осы кітаптан үзінді жариялаған қазақстандық мерзімді басылымдар жауапқа тартылады деп Қазақстанның Бас прокуратурасы елдің барша азаматтарына ескерту жасады. Өйткені прокуратураның мәлімдеуінше, кітапта мемлекеттік құпиялар жарияланып кеткен. Ал оппоненттер бұл цензураның жаңа бір көрінісі дейді.

Келіңіздер, пікірталастырып, осы жайтты талқылап көрейік, қымбатты оқырман!
Бұл форум жабық. Бірақ, Азаттықтың Facebook-тағы парақшасында жалғастыра аласыз: www.facebook.com/azattyq
Пікірлерді іріктеу
Пікір жарияланған бет , жиыны 3
    Келесі 
Кімнен: Кітапқұмар Қайдан: Алматы
22.05.2009 18:57
+0 / -0
Міндетті түрде басқаға берер едім, тек сол кітапты қайдан қолға түсірсе болады? Жауап күтем

Кімнен: Модератор Қайдан: Прага
22.05.2009 19:11
+0 / -0
Журналист Сергей Дуванов Азаттыққа былай деп отыр:

"БАҚ-нан Бас прокуратураның ресми өкілі Сапарбек Нұрпейісов Астанада Рахат Әлиевтің кітабын оқыған немесе таратқан адамның бәрі қылмыстық жаупкершілікке тартылады деп мәлімдегенін білдім. Заңға мойынұсынатын азамат ретінде мен бұл кітапты оқып шыққанымды хабарлаймын. Оқып қана қоймай, мен ол кітапты Андрей Свиридовқа оқуға бердім. Мүмкін ол да тағы біреуге оқы деп берген болу керек.

Сонымен мен оны оқыдым және басқаларға да бердім, демек мені енді қылмыстық жауапкершілікк тартуға болады. Бұл жөнінде мен ашық мойындаймын.

Осы айтылғандарды есепке ала отырып, маған қылмыстық жаза қолдануларыңызды күтемін. Ақылға симайтын заңдар мен бұйрықтарды бас шұлғып орындай бергенше, прокуратура үшін қылмыскер болғаным артық."

Кімнен: Асхат Қайдан: Алматы
22.05.2009 19:16
+0 / -0
Жалпы бұл кітапты оқудың қажеті жоқ. Прокуратура ол кітапты тыңдауға тиым салған жоқ қой. Сондықтан бұл кітапты қазақтың ақындары қара сөзді ақ өлеңге айналдарып, жырлауы керек. "Алпамыс батыр", "Қобыланды батыр" "Қыз Жібек" секілді қазақтың хисса-дастандары халықтың арасында ауызша тараған емес пе. Рахат Әлиев ақшасын төлесе бұл кітапты дастанға айналдырып жіберер едім. Оған менің өтінішімді Азаттық жеткізе ала ма? Мен бұл дастанға керемет ат та ойлап таптым. "Рахат батыр" дастаны десем қатып кетпей ме?

Кімнен: Қалқаман Қайдан: Қарағанды
22.05.2009 19:32
+0 / -0
Назарбаев бұл кітаптан қатты қорқып отыр. Сондықтан барын салып, оны Қазақстанға жібермеудің жолып қарастырып жатыр. Прокуратураның айтқандары ақылға симайды. Адамды кітап оқығаны үшін соттау деген не масқара? Сұмдық ай! Назарбаев билік басында отырса, әлі талай сұмдық оқиғалардың куәсі болармыз.

Кімнен: Айнұр Қайдан: Алматы
22.05.2009 19:59
+0 / -0
Интернет заманында кітапқа тиым саламын деу барып тұрған ақымақшылық.

Кімнен: нан-тоқаш Қайдан: наубайхана
22.05.2009 20:12
+0 / -0
Осы мәселеге оппозиция неге үнсіз? Конституция өрескел бұзылып, билік цензураны ашық енгізіп отырғанда нағыз өре түрегелуге тиіс солар емес пе?! Неліктен осындай сын сағатта үнемі бірінші боп Дуванов қарсылық білдіреді? Қайда әлгі Бутя, Жармахан, Жүкеевтер? Әлде Ақорданың рұқсатын күтіп отыр ма?

Кімнен: Самса нан-тоқашқа қарсы Қайдан: тандыр
22.05.2009 20:29
+0 / -0
Оппозиция Рахат Әлиевті иттің ... жек көреді. Олар қайта кітап оқымаңдар дейтін шығар.

Кімнен: нан-тоқаш Қайдан: нан дүкені
22.05.2009 20:36
+0 / -0
мәселе - Рахатты қолдауда емес, Конституциядағы әркімнің еркін ақпарат алуға құқығы және цензураға жол берілмейтіні туралы принципті биліктің аяқасты еткені болып тұр ғой. Яғни, олар Рахатты емес, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғап, үн қосуы керек еді ғой

Кімнен: нан-тоқашқа Қайдан: супермаркет
22.05.2009 21:42
+0 / -0
Мен кітапқа тапсырыс беріп қойдым, келесі болып кім оқығың келе ма?

Кімнен: Сахат Қайдан: Астана
22.05.2009 23:23
+0 / -0
Рахатқа: Азаттықтың хабарлауынша, Берлиннің "Ибера" баспасы кітапты СД және флэш-дискте шығармақ екен ғой. Соның дәл қашан шығатынын бізге хабарласаңыз екен

Кімнен: марат Қайдан: шымкент
22.05.2009 23:39
+0 / -0
менің де оқығым келеді, оқығанымен бөлісетін жаны жомарт жайсаңдар бар ма?

Кімнен: Бақытжан Төреғожина Қайдан: Алматы
23.05.2009 01:31
+0 / -0
БАҚ-нан Бас прокуратураның ресми өкілі Сапарбек Нұрпейісов Астанада Рахат Әлиевтің кітабын оқыған немесе таратқан адамның бәрі қылмыстық жаупкершілікке тартылады деп мәлімдегенін білдім. Заңға мойынұсынатын азамат ретінде мен бұл кітапты оқып шыққанымды хабарлаймын. Оқып қана қоймай, мен ол кітапты Жанар Қасымбековаға оқуға бердім. Мүмкін ол да тағы біреуге оқы деп берген болу керек.

Сонымен мен оны оқыдым және басқаларға да бердім, демек мені енді қылмыстық жауапкершілікк тартуға болады. Бұл жөнінде мен ашық мойындаймын.

Осы айтылғандарды есепке ала отырып, маған қылмыстық жаза қолдануларыңызды күтемін. Ақылға симайтын заңдар мен бұйрықтарды бас шұлғып орындай бергенше, прокуратура үшін қылмыскер болғаным артық.

Кімнен: Мырқымбай Қайдан: Мароккодан
23.05.2009 03:12
+0 / -0
Осы прокурорларда ес бар ма, алде фас десе арпылдай бере ме, жөні жоқ. Елдің біразы оқып қойған кітапты олар енді қалай оқытпаймыз деп ойлайды екен

Кімнен: Армангүлдің сіңлісі Қайдан: Алтайдан
23.05.2009 03:19
+0 / -0
Рахат батыр деген аттан садаға кетсін. оның бұл кітапта жазғандарының бәрін сол қаралап отырған адамдармен бірге өз қолымен істеген қылмыстары деп білу керек.Қанша періште болғысы келсе де бола алмайды ол. Мойнына қан жүктегеннің бірі.

Кімнен: НАН Қайдан: Патшалықтан
23.05.2009 03:22
+0 / -0
"Күшік асырадым, ол ит болып өзімді тістеп, балтырымды қанатты..." Дүние кезек келер

Кімнен: уақыт Қайдан: таразы
23.05.2009 10:47
+0 / -0
бұл кітап шын болмысқа жақындатса болды емеспе ? оның Бутя, Жармахан, Жүкеевтердің , назарбайевтердің тіпті осы кітапты жазған Рахат Әлиевтің көңіл күйімен , ой-дүнійесімен еш қатысы жоқ.
Рахат Әлиевке осы жолы рахымет!!!

Кімнен: jas kazak Қайдан: orda
23.05.2009 11:14
+0 / -0
keremet kezegemen xejege mol omir kazirgi kupeyalak 70 jeldan keyin axelude kutpeydi jastar tez kabeldap tez biledi olar pioner emes

Кімнен: Талант Қайдан: Шымкент
23.05.2009 17:33
+0 / -0
Демократиялық зайырлы, "құқықтық" мемлекетті құраймыз деп жүрген биліктің бұл қай сасқаны? Нағыз демократияның негізін қалаймыз десе, осы кітапты Қазақстанға кеңінен тарату керек.
Рахаттың да Қазақстан деп жүрегі елжіреп жүргені шамалы. Нағыз елге жанашыр болса, Алтынбек ағам сияқты неге биліктен кетпеді. Былық-шылығы ашылған соң ғана Қазақстанның жанашыры бола қалды.
"Қазинформ" бұрынырақта Ракең туралы мынадай мәлімдеген еді:
Рахат Алиев, егер билік басына келер болса, ең алдымен Қазақстанның конститутциясын, барлық заңдарды орындатуға, коррупцияның түп-тамырын жоюға ерекше көңіл бөлетінін жазған болатын.
Қарап тұрсаң, мына коррупцияға белшесінен батып, шыға алмайтын Қазақ еліне Рахаттың осы айтқандарын орындайтын әділ азамат керек-ақ.

Кімнен: Адай Қайдан: Атырау
23.05.2009 17:47
+0 / -0
Құрметті "Азаттықтар"!!!!
Рахат Әлиевтің осы кітабын қайдан алуға болады? Билік бұл кітапты сауда нүктелеріне шығармауы айдан анық.
Ендеше сіздерден өтінемін! Электрондық нұсқада жариялау сіздердің қолдарыңыздан келеді ме?
Бұл кітапты ҚАЗАҚТАР көбірек оқыса, мына жемқорлық жайлаған, әділдік жоғалған Қазақ елінде бір дүмпу-революция болып, елге жанашыр бір азамат келер ме еді...

Кімнен: Нұржол Қайдан: Астана
24.05.2009 00:35
+0 / -0
Адай бауырым! Қателспеңіз, қазақтар бір-бірімен демократия орнатамыз деп қайдағы бір перінің сөзіне сеніп, аз қазақ бірімізді-біріміз жейтін болсақ, жанашыр азаматты қойып, елге сырттан осыны күтіп отырған бәлекеттердің шырмауына ілігіп қалмасақ игі еді. Мына бір қасқырлардың заманында қазақтың кең, бай жеріне кім қызықпайды дейсіз?
Маңдайға жазылған кең даламызды сақтай отырып, ұрпаққа үлгі боларлықтай іс тындырайық қайдағы бір шеруді ойламаы.
Пікір жарияланған бет , жиыны 3
    Келесі 

Назарға көп іліккен