Сейсенбі, 7 ақпан 2012, Алматы 13:09

Форум

Президент сайлауының соңы қақтығыстарға ұласқан Иранда не болуы мүмкін?

Теһран, 14 маусым 2009 жыл.
x
Теһран, 14 маусым 2009 жыл.
Мәтін көлемі - +
Теһранда президент сайлауынан кейін жеңіске жеткен Махмуд Ахмединежад пен оның сайлаудағы басты қарсыласы, реформашыл Мир Хоссейн Мусавидің жақтастары және полиция арасында қақтығыстар жүріп жатыр. Бұл жанжалдар маусымның 13-де, яғни сайлаудың ертесінде басталды.

Сіздің пікіріңізше, оппозициясы қатты қысымға ұшыраған және адам құқықтары үнемі бұзылып жатқан Иранда не болуы мүмкін?
Бұл форум жабық. Бірақ, Азаттықтың Facebook-тағы парақшасында жалғастыра аласыз: www.facebook.com/azattyq
Пікірлерді іріктеу
Пікір
     
Кімнен: Бекен
15.06.2009 16:30
+0 / -0
Е, Иран көтерілсе енді тоқтамайды. Парсылар ғой. Бұлар қалай бодандыққа шыдап жүр осы күнге дейінннн?

Кімнен: Сұңқар Қайдан: Астана
15.06.2009 18:34
+0 / -0
оппозиция батыстан қолдаутауып нағыз бостандық жолын таңдауға, халықты соңынан ертетін болады. қазіргі билікте, оңай берілмейтін сайысқа дайын болсада, ішкі және сырытқы қысымның қыспағына шыдап тұра алмайды. онсызда опырылғалы тұрған сырытқы саясаттың салдары тұтанған жалынға май құйатын болады.

Кімнен: cамат Қайдан: ақтөбе
15.06.2009 22:27
+0 / -0
қәзіргі қайшылық иранда халық еркін дігі бар екенін көрсетті.ел,мемлекет тағдыры халықтын қолында,басқа,сырттай демократиа елі көрінетін, көптеген елге қарағанда.

Кімнен: Есен
16.06.2009 10:30
+0 / -0
Бұл қарсылық шерулері Қазақстанға қарағанда Иранда демократияның нышаны бар екендігінің белгісі. Бізде халық бүйтіп көшеге шыға алмас еді, оған біздің халықтың сана-сезімі жетпеген сияқты.Бұл шерулердең кейін Махмуд Ахмединежад жақсылап ойланатын шығар.

Кімнен: Әлім Қайдан: Сапақ
16.06.2009 15:20
+0 / -0
Иран керемет ел. Болашағы да зор. Алайда оның президенті сыртқы саясатты өте сақтықпен, ымырашылдықпен әрі парасаттылықпен жүргізгені дұрыс. Орынсыз өңмендеу беру ақылдылықтың белгісі емес. Анау Ахмединежадтың "Израильді құрту керек" деп батырсынуы ақымақтық. Қазіргі таңда ешкім де Израильді құрта алмайды. Одан да еврейлермен ымыраға келіп, анау сорлаған палестиналықтардың өз алдына мемлекет болуына барынша қол ұшын бергені жөн.Террорға да тыйым салу керек. Әйтпесе мұндай озбырлық мұсылман елдерінің беделін түсіреді. Бірақ менің ойымша мынау Ахмединежад дегенің өз айтқаны болмаса, ешкімді де тыңдамайтын әумесер ме деп қалдым. Дүниені қорқытатындай Иранда құдырет жоқ екендігі ұға қоюы да неғайбыл.

Кімнен: Birjan Қайдан: china
18.06.2009 09:26
+0 / -0
Iran ,ol ote dasturshil el !

Кімнен: тұран Қайдан: қазақ елі
03.07.2009 22:52
+0 / -0
Қуыршақ хаменей-Ахмадинежаттарды ойнатып отырған ол елдің ислам ревелютциясын корғау корпусы атындағы қарулы күш.Ахмадинежатты да таққа отырғызған осы қарулы күштің сценарийі.Олардің келесі жоспары қуыршақтарды кокыс жәшігіне тастап,әскери төңкеріс арқылы билікті қолға алу болып табылады.Ұлы Иран халқы демократия жолындағы қасиетті күресін одан әрі жалғастырады,күштерін біріктіреді,ел басына төнген қасіретті, қауыпты жеңіп,жеңіс тойын тойлайды,оған күмән жоқ.

Кімнен: жавдет
09.07.2009 15:49
+0 / -0
Иранның халқының жартысы түркі тілдес халықтар, азербайжан, түркпен, қазақ. Иранның бөлінгені түркі дүниесіне пайдалы.

Назарға көп іліккен