Бейсенбі, 9 ақпан 2012, Алматы 15:13

АЙМАҚ ХАБАРЛАРЫ

Қызылағаштағы су тасқынынан аман қалған тұрғындар көмек пен өтемақыға зәру

Төтенше жағдайлар министрлігі Қызылағаш аулындағы су тасқыны кезінде опат болған адамдардың саны 37- ге жетті деп хабарлайды. Алайда, ауыл тұрғындары қаза тапқандардың саны одан әлдеқайда көп екенін айтуда. Ал, үкімет қорынан бөлінген ақша су тасқынынан зардап шеккендерге әлі жеткен жоқ.

Төтенше жағдайлар министрлігінің офицері су алып кеткен үйдің табалдырығында отыр. Қызылағаш, 15 наурыз, 2010 жыл.
x
Төтенше жағдайлар министрлігінің офицері су алып кеткен үйдің табалдырығында отыр. Қызылағаш, 15 наурыз, 2010 жыл.
Мәтін көлемі - +
ОППОЗИЦИЯ КӨМЕКТІҢ АШЫҚ БОЛҒАНЫН ҚАЛАЙДЫ

Төтенше жағдайлар министрлігі баспасөз қызметінің ақпаратына қарағанда, Қызылағаш аулындағы су тасқыны салдарынан опат болған адамдардың саны 37- ге жеткен және іздестіру, құтқару жұмыстары әлі жалғасуда. Оқиға орнында 741 адам және 112 арнайы техника жұмыс істеуде.

- Қызылағаш аулынан 920 адам Талдықорған қаласына қауіпсіз жерге көшірілді. Арнайы телефон желісі іске қосылды. Осы желі арқылы зардап шеккен адамдар мен олардың туыстары бір-бірімен хабарласа алады. Және үкіметтен су тасқыны салдарынан зардап шеккен азаматтарға көмектесу және ауылды қалпына келтіру мен жаңа құрылыс салу жұмыстарына қаражат бөлінді. Бұл арнайы қаулыға прьемер министр қол қойды. Және ел азаматтарының Қызылағаш ауылының адамдарына қаржылай көмектесуі үшін «Халық банкінен» арнайы есеп-шот ашылды, - деді Төтенше жағдайлар министрлігі баспасөз қызметінің жетекшісі Элдор Райымбеков.
Табиғат апатынан зардап шеккен тұрғындар. Қызылағаш, 15 наурыз, 2010 жыл.


Сондай-ақ, Алматы облысының әкімшілігі Қызылағаш ауылында су тасқынынан зардап шеккендердің әрқайсысына 500 мың теңге бөлетінін мәлім етті. Сонымен бірге, апаттан зардап шеккен отбасының әрбір мүшесіне үкімет 121 мың теңге бөлді.

Су тасқынының салдарын жою жөніндегі мемлекеттік комиссияның шешімі бойынша, Қызылағаш ауылында жаңа үйлер тұрғызылып, зақымданған үйлер жөнделеді деп хабарлануда.

Азық-түлік пен дәрі-дәрмектен, күнделікті тұтынатын тауардан тарыққан Қызалағаш аулының тұрғындары 15 наурыз күні Алматы облыстық әкімшілігінің алдында жиналып, өтемақы берілуін талап еткен.

Тұрғындармен жүздесуге келген ЖСДП «Азат» партиясының тең төрағасы Болат Әбілов тарыққан жандарға тез арада өтемақы беріп, оларды жылы, ыңғайлы жерге орналастыру керектігін облыс әкіміне жеткізді.

ЖСПД «Азат» партиясының саяси кеңесінің мүшесі Маржан Аспандиярова су тасқынынан зардап шеккендерге бөлінетін қаржыға құрамына Қызылағаш аулы тұрғындарынан, қоғам қайраткерлерінен, саяси партиялардан өкілдер енгізілген қоғамдық бақылау орнату керектігін атап көрсетті.

"БІРЕУІ ҚИМЫЛДАП, ЖИЫРМАСЫ ҚАРАП ТҰР"

Дегенмен Қызылағаш аулының тұрғыны Сәуле Ашитова арнайы құтқару және іздестіру жұмыстарының өте баяу жүріп жатқанын ашына айтып отыр.
Шатырлы қалашықта баспанасыз қалғандарға ыстық тамақ әзірленуде. Қызылағаш, 15 наурыз, 2010 жыл.


- Бір ғана бульдозер жұмыс істеп жатыр. Жиырма кісі соған мықынын таянып алып, қарап тұрады. Одан да азғана ақша беріп, тұрғындардың өздерін шақыру керек еді. Олар бір айдың ішінде үйлерін тұрғызып алар еді. Ал мұнда өлексеге жиналған қарға, құзғын құсап, арамтамақтар мен бастықсымақтар жиналып алған, ал, жұмыс істейтін бір адам жоқ, - деді Сәуле Ашитова Азаттық радиосына берген сұхбатында. 

Қызылағаш аулының тұрғындары мұнымен қатар келіп жатқан көмектің тым мардымсыз екенін айтып шағынуда. Ауыл тұрғыны Хамитбек Ахметбекұлы келген көмектің аздығынан жұрттың халі мүшкіл күйде қалып отырғанын айтады.

Оның айтуынша, жекеменшігінде жүздеген ұсақ мал, ондаған ірі қарасы болған. Су тасқыны кезінде дүине-мүлкі мен бар малынан айрылған.

- Енді мына опат болған адамдардың мүрдесін мәйітханаға алып кетеміз деп жатыр. Мәйітханаға апарғаннан кейін мүрдені сояды. Бұл қай мұсылманның заңында бар. Адам тал бесіктен жер бесікке он екі мүшесімен кетуі керек. Мүрделерді бермейміз деп, қарсыласып жатырмыз. Мынау сұмдық болып тұр.
Су апатынан қырылып қалған мал да аз емес. Қызылағаш, 15 наурыз, 2010 жыл.

Жұртқа су тасқыны болады деген қауіпті ауыл әкімі де, министрі де ескертпеді ғой. Ескерткенде мал-жанымызды басқа жаққа алып кетер едік. Қазір тасқыннан қаза болғандардың саны отыздың үстінде, қырыққа тақау дейді. Біз бұған сенбейміз. Опат болғандардың саны кемінде жүздің үстінде, - деді Хамитбек Ахметбекұлы.

Осы күні  Қызылағаш аулында құрылған шатырлы қалашықтың маңынан он төрт және бес жасар екі баланың мүрдесі табылған Алматы облыстық «Жетісу» газетінің тілшісі Болат Абаған телефон арқылы Азаттық радиосына хабралады.

КІНӘЛІ ДЕП КҮДІКТЕЛГЕНДЕР ҰСТАЛДЫ

Алматы облыстық прокурорының орынбасары Қыдырәлі Оспанов Азаттық радиосына берген сұхбатында сезікті ретінде бес адамның ұсталғанын жеткізді.

Оның айтуынша, бес адам қазір тергеу изоляторында уақытша қамауда және олардан су тасқыны оқиғасына байланысты жауап алынуда.

- Су тасқынына байланысты наурыздың 12 сі мен 13 і күні екі қылмыстық іс қозғалды. Қозғалған істер бойынша, Қызылағаш ауылдық округінің әкімі Есет Жүнісов, «Қызылағаш» СКПБ ның басқарма төрағасы Қуаныш Бекеев пен директоры Мұхит Жүнісов, Алматы облысы бойынша Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Евгений Енин, Ақсу аудандық төтенше жағдайлар бөлімшесінің бастығы Құныбек Байзақов күдікті ретінде ұсталды,- деді Қыдырәлі Оспанов.

"Қазақпарат" агенттігінің ақпаратына қарағанда, Алматы облыстық маслихаты Қызылағаш ауылында су тасқыны кезінде құрбан болғандарды есте тұту мақстатында 15 наурызды аза тұту күні деп жариялаған.

15 наурызған дейін 8 ер адам, 11 бала және 18 әйел су тасқынынан қаза болған. Іздестіру, құтқару жұмыстары әлі жалғасуда.
Бұл форум жабық. Бірақ, Азаттықтың Facebook-тағы парақшасында жалғастыра аласыз: www.facebook.com/azattyq
Пікірлерді іріктеу
Пікір жарияланған бет , жиыны 2
    Келесі 
Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
15.03.2010 23:16
+0 / -0
Ажал шіркін айтып келмейді қаза болғандар иманды болсын, Аман қалғандар сабыр етіңіздер,Алла жар болсын
Пікір алмасу

Кімнен: Жандауыс Қайдан: Алматы
17.03.2010 11:10
+0 / -0
"Алланың жазғанынан ешкім аса алмайды"- дейтін еді апам марқұм, не шара қайғыларыңызға ортақпыз!!!! Сонда бәрін бір құдайға жаба беруге болмайды ғой?! Адамдардың қалдері тым нашар, жұмыс жоқ. Ауылда тек пенсияға қарап отырған адамдар. Соның бәріне кім кінәлі? Үкімет басындағылар жылы жерде, жайлы отырып олай істеу керек, бұлай істеу керек деп көпіргеннен басқа түк бітірмейді. Халықтың қамын жейтін депутаттар ма? Жылы кресломыздан айырылып қалармыз деп бір нәрсеге қосылмайды. Олардың тактикасы "Сентиспесең, мен тиіспеймін, бадырақ көз"!!!! "Халқым" деп еңіреп трған ешкімнің болмағаны ма? Ешкім мәңгі бұл өмірде жүре бермейтін шығар, "сұрақ-жауап" алатын күні не деп сайрар екен халық қалаулылары. Білмейсің кімге сенесің? Сондықтан да шығар "жастардың" бәрі намазға жығылып жатқаны, бір "Алладан" басқа сүйенері де, сенетініде қалмады. Бұл біздің жоғарыдағы қолы бәріне жетіп отырған "ағаларымызға" да үлкен сын.

Кімнен: ауыл қызы
15.03.2010 23:38
+0 / -0
Қызылағаш тұрғындарына қолдау керек! Табиғат апатының зардаптарын тартып жатқандарға көмектесу үшін басқа ауылдардан бос жүрген жігіттерді апарса, дұрыс болар еді. Адамдар абдырап қалған сияқты, жаның аурады қарап отырып, Алла күш қуат берсін дейміз.

Кімнен: kazakh Қайдан: europa
16.03.2010 04:06
+0 / -0
bar kazakh bir kazakh,barlik kazakh komektesu kerek barlig jaginnan.schet ashu kerek alem kazakh komektesu kerek.birak komek duris nakti adamdarga baru kerek.

Кімнен: Алмас Қайдан: Облыс тұрғыны
16.03.2010 09:36
+0 / -0
Қаза болғандарға иман, тірілерге сенім қажет! Ал апатқа кінәлілер ретінде Төтенше жағдайлар министрі В. Божко мен Алматы обылысының әкімі С. Үмбетов қылмыстық жауапкершілікке тартылуы керек. Егер де бұл екеуінің арты таза болса, олардың қарамағындағы адамдар да таза болар еді ғой. Жалпы әлімдік тәжірибеге сай қол астындағы адамдардың әрекеті үшін басшылар жауап беріп, отставкаға кетуі керек.

Кімнен: медғат
16.03.2010 10:41
+0 / -0
"Сақтансаң - сақтаймын" дейді. Биыл жауын-шашын мол түсті. Алматы қаласы мен облыс аймағында енді сондай жағдай қайталанбайды ма, төтенше жағдай министрлігінің мамандары ай қарап жүрмей, соны анықтауы керек. Ондай қауіп болса, елге ескерту керек. "Жау кеткен соң қылышыңды б... шап" дейді.

Кімнен: Жадыра
16.03.2010 11:41
+0 / -0
Мен Алмасты қолдаймын.Шынымен халқының қамын жейтін басшылар болса мүмкін бұндай жағдай болмаспа еді ? Жоқ дегенде адамдарды ман алып қалуға болар еді. Енді басқа аймақтағылардың басына сондай күн тумас үшін олар не істеп жатыр екен ?

Кімнен: Ауылбай Қайдан: Қазақия
16.03.2010 12:01
+0 / -0
АЛЛАҺ қаза болғандардың жанын жаннтта етсін!!! Қызылағаш қасіреті ҚАЗАҚ болған барлығымыздың қабырғамызды қайыстырып кетті-ғой!!! бұл қасірет үшін бір-бірімзге көңіл айтып, бір-бірімізді сабырға шақырайық !! қасіретке тіке себеп болған немесе қатысы бар адамдар заң алдында жауап беруі керек!!! мен естігенде , шет елден келген қандастарымыз қайтыс болған кісіні сойғанды өте ауыр көреді! сол үшін , онсызда қасіретке ұшырап отырған бауырларымыздың қайғысына қалыңдатпай , қаза болғандарды соңғы сапарға сойғыламай аттандырған жөн!!! әріине, өлімі күдікті емес жағдйда!! Құдіреті күшті АЛЛАҺ бір өзіңнен тілеріміз !!! ҚАЗАҒЫМНЫҢ қасіретін аз ете көр!!! Елімізге тыныштық, жұртымызға жақсылығыңды бере көр!!! ӘУМИН!!!!!!!!

Кімнен: Айша
16.03.2010 12:10
+0 / -0
Алматы телеканалы су тасқыны болған жерге барып,арнайы хабар әзірледі.Шындықты көзбен көріп,құлақпен естігендей болдық.Басқа телеарналар қайда қарап жатыр?Шындық әлі де айтылмайды.Ауыл тұрғындарының жай-күйін көріп,жүрегіміз ауырды.Түнімен ұйықтай алмадым.Алла жар болсын дейміз.

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
16.03.2010 13:30
+0 / -0
Ажал айтып келмейді,бірақ үстінде отырған ағайындар қу,өлім келе жатқанын біліп,айта салса нелері кетті,жүректері жоқ

Кімнен: қажы мұқамбет қаракедей Қайдан: иран.горган
16.03.2010 15:07
+0 / -0
Қайырлы қаза болсын . Қаза дегенім - алланың қалағанының айқыдалғаны . Әрйне құдайдың белгілеп қойған заңдылықтарына күдіктенуге болмас . Дегенмен жаратылыстың құбылыстары кездейсоқ бола бермейтіні ескерілмей қала береді . Онда да талай жерде жаратушы жарылқап бәле - бетерден аман сақтайды . Қазір Табйғаттың сыры онша құпия емес қой . Сондықтан болар кейбір шенеуніктердің ұсталып тергеліп жатқаны . Әркім өз міндетін атқарған болса мұнша зардап болмас еді десек те болар . Алланың берген ырысын ысырап қылмай орынды жұмсау керек . Елдің арасында алалық болса іріткі салдарынан бұдан жаман нәубет те бола бермек.

Кімнен: Майра Қайдан: Алматы
16.03.2010 17:56
+0 / -0
Анау көрші Ресейда қандай да бір апат жағдай болса бірден ақпарат береді, қаза болғандардың, жоғалғандардың тізімін теледидардан көрсете бастайды. Ал бізде апат болғаннан беті түк болмағандай теледидардан тек ырду-дырду және Ашкөзді мадақтау ғана. Ақырында енді бүкіл дүние жүзі бойынша хабарлағаннан кейін, жауапты бастықтар бетін түйенің табанындай ғып зардап шеккендерді кіналай бастады - талдықорғандық бір бастықсымақ тіпті "пока гром не грянет, мужик не перекрестится" деді, сонда бұл маубас қай елде жүргенін де аңғармайды.

Кімнен: шынар
16.03.2010 20:11
+0 / -0
Шегіне жеткен бассыздық. Имансыздық. Адамдар осыншама қайырымысыз, рахымсыз бола ма. Бір ауылды бірақ жұтқызып әкім қалай өмір сүрмекші екен? Бала шағасы ше?

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
16.03.2010 20:24
+0 / -0
республикалық телеаналардың бірінде істейтін жігіттермен сөйлестім, олар айтады - жоғары жақтан нұсқау келді, зардап шеккендерге өкімет барлық көмегін жасап жатыр деген хабар беріңдер, қайғы-қасырет көрсетпеңдер деп қатаң тапсырыпты. Ау, журналистер, қазақ болсаңдар, жазыңдар, айтыңдар барлық шындықты! Кешегі Желтоқсанда қырылған, құрбан болған жастарды жасырған еді, ал бүгінгісі не жорық мына биліктің?? Айналайын, қолына қалам, микрофон, камера ұстаған қазақтың қыз-жігіттері! Егер өздерің істейтін БАҚ көрсетпесе, Абай.кз, Азатттық секілді тәуелсіз сайттарға жазыңдар, аты-жөндеріңді көрсетпей-ақ жазыңдар, мейлі! Тіпті болмаса е-майл рассылкамен жіберіңдер, бұл аруақ алдындағы парыз екенін ұмытпаңдар! Мына билік ҚАЗАҚты ойлап отырған жоқ, бұлар үшін отырған орын-қызметі барлық қазақтан қымбат, атасына нәлет мұндай биліктің!!

Кімнен: бақсы Қайдан: Талдықорған
16.03.2010 21:48
+0 / -0

Өз көзімен көрген куәлердің сөзін естісең төбе шашың тік тұрады. 37 адам деген өтірік. Су шайып кеткендердің саны өте көп. Билік шынайы санды жасырып отыр. Әкім бөгеттің жарылытынын біле тұра ешкімге айтпай қашып кеткен. Өз отбасын алдын-ала көшіріп алған. Электрді алдын-ала өшірген тоқ соқпасын деп. Тұрғындарға бәрі дұрыс, ештеңе болмайды деп жұбатып, үйлеріңе бара беріңдер деп жалған ақпарат берген. Шындықты білгілері келген журналистер жергілікті тұрғындармен сөйлессін. Жарты сағат бұрын қашып құтылған отбасынынң өз аузынан естідім.

Кімнен: Нұрлан Қайдан: Батыс Қазақстан
16.03.2010 23:35
+0 / -0
Қызылағаштықтарға қайғыра көңілімді білдіремін,сабырлы болыңыздар
бұл жағдайға кіналілар қатаң жазаланылуы тиіс.Айтып жатыр ғой көмек көрсетуге есеп шот ашылды деп сол көмек тиісті адамдарға жетеме күманым бар.Шет ел асқан ұрыларды ақшасымен бірге елге қайтару керек

Кімнен: Куаныш Қайдан: Алматы
17.03.2010 14:03
+0 / -0
Ешкимди кырылган айелдер мен балалардын, карттардын коз жасы жибермейди. Енди ашкоздер кайырмдылыкка аударылган акшадан жымкырмаса дениз

Кімнен: Жиренше
17.03.2010 21:57
+0 / -0
Қызылағаштағы оқиға туралы Жиреншенің мақаласы. Оқып, пікір жазыңыздар. http://www.zonakz.net/blogs/user/zhirenshe/9895.html

Кімнен: Ашу
18.03.2010 11:50
+0 / -0
Шынымен ашудан жарылайын деп отырмын...Айландырған 5 қазақты аман сақтап қала алмаған бұл қандай мемлекет?? Басқа кімнің жоғын жоқтап, жыртысын жыртпақ?? Әдетте өзіміз көзге ілмейтін, тағы солардың затымен күн көріп отырған Қытай мемлекетіне қарашы: апат болған Алтай аймағына Пекиннен басшылары барды, сол жердегі халыққа барлық көмек көрсетті.Біздің маубас басшылар не қарап отыр?? Өздерінің қарнындарын тойдырған соң теотрлік қойылым көргендей болып отыр ғой.Сұмырайлар! "Адамгершілік" деген сөз солардың сөздік қорларында жоқ-ау сірә.

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
18.03.2010 15:31
+0 / -0
Жау кеткен соң қылышыңды ..... шаптың кері ғой мынау ! Ол шенеуніктерді ұстағаннан не пайда? Ертең орнына дәл сондай жауапсыз біреу келеді . Қайда дамыған Қазақстан ? Бір ауылды аман алып қала алмаған , ертең бүкіл елге сондай апат келсе не істейміз ? Халықты қырып қойып отыра береміз бе ? Қытай сияқты көп болсақ екен . Қайда кетіп барамыз ?

Кімнен: goha
19.03.2010 11:17
+0 / -0
"Бір ғана бульдозер жұмыс істеп жатыр. Жиырма кісі соған мықынын таянып алып, қарап тұрады." осыдан-ак коруге болады, ешким ешкимнин кайгысына ортактаспайди немесе жаны ашымайды. Асиресе казактар. Жалпы осы кайгылы окигадан кейин корытындыга келдим, тубинде казак оз озин жойып тынады, елбасымыздан бастап, шенеуниктеримиз коштап казак озин талап - кырып битиреди.
Ауыл акими дейсиндер, немене ауыл акимимен бирге турасындар ма?! Олардын колында не бар?! Колында ештене жок, мумкиндик жок, халык камына болинген акша ауылга жетпей-ак облыстан отпей-ак облыс басшылардын калтасына туседи.
Пікір жарияланған бет , жиыны 2
    Келесі